
Республика күні – тәуелсіз елдің тұғыры!
Мектебімізде ұлы мереке – Республика күніне арналған салтанатты концертті Жусипова А. және Г.Жуманова өткізді. Бұл күн – әр қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, еліміздің тәуелсіздік пен бірліктің биік үлгісін паш ететін мереке.

Іс-шара барысында оқушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілігін әнмен, жырмен, би мен көрініс арқылы өрнектеді. Әрбір өнер нөмірі – елге деген құрмет пен мақтаныш сезімінің айғағы болды.

Республикамыздың тарихы – ел ертеңі үшін еңбек еткен ұлт қайраткерлерінің өнегелі жолы. Бүгінгі жас ұрпақ сол жолды жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті.

Мерекелік шара ел бірлігін нығайтып, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық рух, азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруды мақсат етті.
Қуатты елдің болашағы – білімді де жігерлі ұрпақ!
Баршаңызға Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

