Вы сейчас просматриваете Республика күні – тәуелсіз елдің тұғыры!

Республика күні – тәуелсіз елдің тұғыры!

  • Рубрика записи:ЖАҢАЛЫҚТАР
🇰🇿 Республика күні – тәуелсіз елдің тұғыры!
Мектебімізде ұлы мереке – Республика күніне арналған салтанатты концертті Жусипова А. және Г.Жуманова өткізді. Бұл күн – әр қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, еліміздің тәуелсіздік пен бірліктің биік үлгісін паш ететін мереке.
🎉 Іс-шара барысында оқушыларымыз Отанға деген сүйіспеншілігін әнмен, жырмен, би мен көрініс арқылы өрнектеді. Әрбір өнер нөмірі – елге деген құрмет пен мақтаныш сезімінің айғағы болды.
🇰🇿 Республикамыздың тарихы – ел ертеңі үшін еңбек еткен ұлт қайраткерлерінің өнегелі жолы. Бүгінгі жас ұрпақ сол жолды жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті.
🌟 Мерекелік шара ел бірлігін нығайтып, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық рух, азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруды мақсат етті.
Қуатты елдің болашағы – білімді де жігерлі ұрпақ!
Баршаңызға Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 🇰🇿💫

Добавить комментарий